20 қараша күні облыстық кітапханада қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зиянды әсері мен оны жою жолдары туралы ақпараттандыру. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсене қатысуын ынталандыру.
Шараға «Ұлы Дала Заңы» халыққа құқықтық қызмет көрсету орталығының директоры Байменов Нұрсұлтан Шаяхмедұлы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, Заң ғылымдарының кандидаты Ишанбекқызы Гүлнар және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құқық факультетінің студенттері қатысты.
Мамандар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы баяндады. Жастар мамандарға өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Шара соңында «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» атты кітап көрмесі таныстырылды.
![]()
![]()