KITAPKHANA.KZ

«Сандық кеңістіктегі библиография қызметі»

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сандық кеңістіктегі библиография қызметі» тақырыбында аудандық, қалалық кітапханалардың библиограф мамандырының қатысуымен семинар өтті. 
Семинарда ақпараттық–библиографиялық қызметте интернет және ақпараттық технологияларды пайдалану, «WEB-PABIS ақпараттық жүйесінің «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру» модульдері», «Виртуалды анықтама қызметі», толық мәтінді мәліметтер дерекқорларын қалыптастыру, өлкетану бойынша құрастырылған ұсыныстық және ағымдағы библиографиялық көрсеткіштер, «WEB-PABIS» каталогизатор модулімен библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру жолдары, Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығының жұмысы  туралы сөз қозғалды.
26 қараша 2025 ж. 12:32
23 қарау
x