KITAPKHANA.KZ

«Қазына жинаған қаламгер - Мұзафар Әлімбаев» атты әдеби кеш

26 қараша күні облыстық кітапханада «100 кітап» жалпыұлттық жобасы аясында  «Қазына жинаған қаламгер - Мұзафар Әлімбаев» тақырыбында әдеби кеш  өткізілді.
Шараға «Жеті Қазына» мектепке дейінгі шағын орталығының бүлдіршіндері және «Ansar-Kausar2020» мектебінің,  Қ.Мұхамеджанов атындағы №1мектеп-гимназиясының, №7 мектеп-лицейінің,    Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің, Т.Рысқұлов атындағы  №222 орта  мектебінің, К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясының,  №253 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Шара барысында  қатысушылар  ақынның өлеңдерін жатқа оқып, «Маралдым», «Мұғалім ол біздің», «Кел билейік»  т.б әндерін шырқап, «Көрсеқызар», «Қайраткер» шығармаларынан  қойылым қойды. 
Шара соңында қатысушылар «Балалар елінің сүйікті жыршысы» атты кітап көрмесімен танысты.
26 қараша 2025 ж. 12:43
28 қарау
x