KITAPKHANA.KZ

«Адамзатқа төнген қауіпті дерт» атты тақырыптық кеш

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Адамзатқа төнген қауіпті дерт»  атты тақырыптық кеш өткізілді.
Іс-шараға Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Қыстаубаева Жанымгүл Қыстаубайқызы қатысып, жастарға ғасыр дертіне айналған ЖИТС-ның адам өмірі үшін қауіптілігін, қатерлі жұқпалы дерттің зиянды жақтарын жан-жақты түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
25 қараша 2025 ж. 12:58
24 қарау
x