KITAPKHANA.KZ

«Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция

19 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековтің 95 жылдығына арналған  «Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция аясында «Заманның заңғар тұлғасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 
Кітап көрмесінде тұлғаның ел үшін атқарған еңбектері туралы замандастарының естеліктері, фотосуреттері мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары таныстырылды.
19 қараша 2025 ж. 13:18
50 қарау
x