KITAPKHANA.KZ

«Дермене» повесіне арналған әдеби марафон

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 28 қараша күні облыстық  кітапханада «Booklover» әдеби клубының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Дермене» повесіне арналған әдеби марафон болып өтті. Аталмыш шығарма ҚР Ұлттық кітапханасы жасөспірімдерге оқуға ұсынылған 100 кітап тізіміне енген, ұлттық әдебиеттің тәрбиелік маңызы зор үлгілерінің бірі болып табылады. 
Шарада қала мектептерінен келген жас әдебиетсүйер оқушылар шығарманың мазмұнын терең талдап, шығарма желісімен дайындалған әдеби сұрақтарға жауап беріп,  кейіпкерлер болмысына, шығармада көтерілген адамгершілік мәселелерге өз көзқарастарын білдірді.
Әдеби марафонда Е.Әуелбеков атындағы №4 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты І орын,  №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп оқушылары ІІ орын,  №120 Жамбыл атындағы орта мектеп пен  №233 Ж.Нұрсейтов атындағы орта мектеп оқушылары ІІІ орын иеленді. Шара соңында оқырмандар естелік фотоға түсті.
28 қараша 2025 ж. 10:30
25 қарау
x