KITAPKHANA.KZ

«Ең қызықты кітабым» атты әдеби талдау

28 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана Халықаралық «ORDA» жоғары колледжімен бірлесіп «Ең қызықты кітабым» атты әдеби талдау ұйымдастырды. 
Мақсаты –оқырмандардың оқу мәдениетін арттыру, көркем әдебиетті оқуды насихаттау, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу.
Оқырмандар оқыған кітаптары туралы ойларын,  оқудың пайдасы туралы пікірлерін  ортаға салды.Үздік деп танылған шығармаларды оқуға ұсыныс берді.
Оқырмандарға  « Кітап оқы, кемелден!» атты кітап көрмесі ұсынылды.
28 қараша 2025 ж. 10:33
42 қарау
x