3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Қайсар жандар қасымызда» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кешке Пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан және Әлем Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпаздары Төлжан Фариза Қалбайқызы және Бойко Снежанна, Пара жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, әлемдік Гран-при сериясының жүлдегерлері Еламан Жоламан Маратбекұлы және Мақшат Мейіржан Қалданұлы қатысты.
Кеш қонақтары спорт саласындағы жетістіктері, қол жеткен табыстары мен қызықты сәттері туралы әңгімелеп, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында әсем әндер айтылып, қонақтарға сый-сияпат ұсынылып, естелік суретке түсті.
![]()
![]()
![]()