KITAPKHANA.KZ

«Парызға адалдық» кітабының тұсаукесері

27 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі, ғалым-публицист Қали Омаровтың «Парызға адалдық» кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл жинақта Қ.Омаровтың ғылыми зерттеулері, танымдық мақалалары мен публицистикалық жазбалары топтастырылған. Ұлттық құндылықтар - тіл, діл, тарих, патриотизм мәселелері кеңінен қамтылып, тұлғатану мен отандық тарих саласына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған мазмұнды материалдар ұсынылған. Сонымен қатар, әріптестері мен рухани серіктерінің ол туралы жазған жүрекжарды лебіздері де енген.
Кеште Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, техника ғылымдарының докторы С.Қошқаров, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Жанбершиева, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Тұяқбаев сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.
Кеш соңында қатысушылар «Ұлт руханиятының жанашыры» атты кітап көрмесімен танысып, естелік суретке түсті.
28 қараша 2025 ж. 10:45
21 қарау
x