5 желтоқсан күні облыстық кітапханада қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Бақытсыз Жамал» романы бойынша оқырман конференциясы ұйымдастырылды.
Аталған шараға Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, алдымен жазушының өмірбаянымен танысып, «Бақытсыз Жамал» романын талқылады. Әйел теңсіздігі, бай мен кедей теңсіздігі, жастардың бас бостандығы сынды тақырыпта ашық ой пікірлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салды.
![]()
![]()