5 желтоқсан күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы Жаңақорған аудандық Руханият орталығында «Заманауи кітапхана: жаңа идеялар мен бастамалар» атты облыстық семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты - рухани құндылықтар мен мәдениеттің тоғысқан орталығы – кітапхана жұмысын жаңаша бағытта дамыту. Қоғамға сапалы ақпарат ұсынып, ұлттық мәдениет пен әдебиетті дәріптеу, оқырманға креативті шығармашылық орта қалыптастыру мәселелерін ортаға салу.
Семинар жұмысын Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Шертекова Жадыра Сәдібекқызы ашып берді.
Семинар жұмысына аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары, әдіскерлер, кітапханашылар қатысты.
Шара барысында облыс кітапханашылары кітапхана ісін дамыту, цифрлы қоғамдағы кітапхана, жасанды интеллекттің ролі, оқырманға қызмет көрсетудегі жаңашыл бастамалар жайында өзекті ойларын ортаға салды.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()