KITAPKHANA.KZ

«Режиссер жазбалары» атты кітабының тұсаукесері

8 желтоқсан күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлының шығармашылық белестері жайында жазылған «Режиссер жазбалары» атты кітабының тұсаукесері өтті. 
Шараның мақсаты – өмірден де, өнерден де өз орнын іздеген жастарға режиссер жазбалары арқылы бағыт көрсету, қалың оқырманды жаңа кітаппен таныстыру.
Кітап тұсаукесерін мекеме басшысы тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы жүргізді.
Шараға  «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Алпысбаев Бақытбек Алпысбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, театрдың көркемдік жетекшісі Темірбеков Бақытбек  Әбділләұлы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр артисі Залипа Төлеповалар қатысып, кітап жайында пікірлерімен бөлісті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, студент жастар мен кітапхана мамандары және оқырмандар қатысты.
Шара соңында режиссердің Сыр елінің өнерін әлемдік биікке ұмтылдырған еселі еңбегі жайында жазылған үш бөлімнен тұратын «Режиссер жазбалары» кітабының тұсауы кесіліп, қатысушылар «Сахна киесі қонған суреткер» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
08 желтоқсан 2025 ж. 16:22
76 қарау
x