KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Жаңарған, жайнаған Астана» - мерекелік әдеби ертеңгілік

      Астана қаласы – тәуелсіз Қазақстанның Елордасы, Отанымыздың жүрегі. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешіміміен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана  - сәулеті келіскен алып шаһар. Әр елдің астанасы – сол елдің төл құжаты. Бүгінгі Астана – бұл болашаққа бет бұрған жарқын қала.
     Астана  күні қарсаңында 3 шілде күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Жаңарған, жайнаған Астана» атты әдеби ертеңгілік өткізді. 
      Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – елордамыз Астананың туған күніне байланысты кішкене оқырмандарды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін нығайту. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.
      Мерекелік ертеңгілікке «Ырыс» балабақшасының балдырғандары қатысты. Балаларға  еліміздің  бас қаласы Астананың тарихи туралы айтылып,  слайд-шоу  көрсетілді. Балалар «Ғажайып қала –Астана» тақырыбында суреттер салды, өлеңдер оқыды, ән шырқап, би биледі, әсем қаламыз Астана жөнінде дайындалған суретті кітаптармен танысты.

 


03 шілде 2015 ж. 16:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: