Танысыңыз, жаңа кітаптар!2015 жылғы желтоқсанның 3-11 жұлдызы аралығында кітапханада «Дүние кілті - кітапта» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге білім салалары бойынша жаңадан түскен 280 дана кітап қойылды. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат - оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту.
Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары мен шетел аудармалары, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кітаптар, тарихи деректер мен энциклопедиялар, ауыл шаруашылық, медициналық, педагогикалық, психологиялық оқулықтар мен мәдениет пен өнер, сондай-ақ балаларға арналған танымдық кітаптар қойылды. «Қазақстан - қарашаңырағым» фотоальбомы, Б.Ұзақбаевтың «Алдаспандар рухы» тарихи романы, Б.Ұзақбаевтың «Ерлікті сүйген ел нұрлы» фотоальбомы, «Ұлт рухы» қанатты сөздер кітабы, С.Сыбанбайдың «Ала доптың аламаны», Д.Баймолда «Европадағы қазақтар»публицистикалық зерттеуі, М.Әлсейітовтың «Жетімсайдың бойында-жетім ауыл», Қ.Құлмұхаммедтың «Олжа» өлеңдер жинағы, М.Қабанбаевтың «Шығармалары», Т.Әлібектің «Құланаян Құлмамбет» монографиясы, Н.Төлепбергенұлы «Жемқордың жеткен жері» әзіл-оспақ, сықақ әңгімелері», Нақысбеков Қ. «Мың бір өлең», Байхонов С. «Жоқ іздеген жолаушы» эссе, элегиялары, Шал ақынның «Өлеңдер және әдеби зерттеулері», Ғ.Жандыбаевтың «Талантқа - талғам таразы» әңгімелер, трактаттар, сұхбаттар, мақалалары, Н.Бәдіғұл «Сағым бейне» өлеңдер, поэмалары, Ә.Қалдыбаевтың «Шығармалары», «Қазақстан театрлары», Ә.Қайратқызының «Қыз өссе - елдің көркі» прозасы және т.б. көптеген кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.
|
Гости15
Роботы40
Список пользователей
IsaacAbilm
Был(a) в сети 24 минуты назад
GeorgeToike
Был(a) в сети 59 минут назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ