Таныс болыңыз, жаңа әдебиеттер !

    2016 жылы 16-наурызда «Таныс болыңыз, жаңа әдебиеттер» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге білім салалары бойынша жаңадан түскен көркем әдебиеттер қойылды.

   Мақсаты-оқырмандарға жаңадан түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту.

  Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары, энциклопедиялар, ауыл шаруашылық, медициналық, педагогикалық, психологиялық оқулықтар мен мәдениет пен өнер, сондай-ақ балалаға арналған танымдық кітаптар қойылды.Өнеге өсиеттерге толы «Бабадан қалған асыл сөз» жинағы, С. Қирабаевтың «Өмір тағылымдары» естеліктері, Ж.Рахматулланың «Дала толғауы» кітабы, С.Аңсаттың «Сөз -ұстанымы», сондай –ақ халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыруы, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтары берілген Омар Һайамның «Наурызнама» атты еңбегі, пайғамбарлардың өмірі туралы Қ.Сейітұлының «Пайғамбарлар тарихы» кітабы, Ж.Сәрсенованың «Мәдениеттану» оқу құралы, Д.Досжанның «Көркем сөз шебері», Н.Оразалинның «Шығармалары», Ж.Молдағалиевтың әр жылдарда жазған поэмалары мен өлеңдері енген «Таңдамалы шығармалары» және т.б. көптеген кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.

   Көрмеге жалпы саны 120 кітап қойылды.

 

 

 


17 наурыз 2016 ж. 17:06
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: