DataLife Engine > Жаңалықтар > «Балаларға қуаныш сыйлаймыз»

«Балаларға қуаныш сыйлаймыз»


31-03-2016, 16:10
Автор: akbota

    31 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітап-ханасының балалар әдебиеті бөлімі «Балаларға қуаныш сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

    Іс-шараның мақсаты: Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға деген сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, жанашырлықты, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

   Акцияның басты қонақтары Талсуат елді-мекеніндегі психоневро-логиялық диспансердің тәрбиеленушілері болды. Балалар қайырымдылық жайындағы аңыз-әңгімелерді тыңдады. №264 мектеп-лицейдің және №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп оқушылары мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Қайрымдылық акциясы барысында балаларға арнап сыйлықтар тапсырылды.


 

 

 

 

 

 


 

 



Вернуться назад