DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ядролық қарудан таза әлемге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Ядролық қарудан таза әлемге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


12-04-2016, 18:48
Автор: akbota

     2016 жылдың 12 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ядролық қарудан таза әлемге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ядролық қарусыз әлем құру-Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Қазақстан Тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден-ақ өзінің татулық пен келісім салтанат құратын бейбіт мемлекет құруды ниет етіп отырғандығын танытқан болатын. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартты. Сондай-ақ мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болатын.

     Кітап көрмесіне Елбасының еңбектері: «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл», «Эпицентр мира», « Когда мысль- материальна», Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан2050»стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Қазақстан халқына Жолдауы т.б. әдебиеттер, мерзімді басылымдарда жарияланған «Елбасы манифесі: Бейбіт өмірге үндеу», «Қазақстан - Бейбітшілік эпицентрі», «Қазақстан ұстанымы – ядролық қарудан азат әлем құру» мақалалары және дәйексөздер, жалпы саны 81 кітап пен 4 фотосурет қойылды.

       Көрме жанында оқырмандармен әңгіме – шолу ұйымдастырылды.


 

 


 



Вернуться назад