DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қазақстан Республикасындағы электрондық үкімет және электрондық қызметтер» тақырыбында семинар өткізілді.

«Қазақстан Республикасындағы электрондық үкімет және электрондық қызметтер» тақырыбында семинар өткізілді.


14-04-2016, 17:54
Автор: akbota

     2016 жылдың 14 сәуірінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда облысындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (ПРООН) мен «Ұлттық ақпараттық технологиялық орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы электрондық үкімет және электрондық қызметтер» тақырыбында семинар өткізілді.

     Семинарға облыстағы онлайн орталықтардың кітапханашылары мен программист мамандары қатысты. Өткізу мақсаты: тыңдаушылардың «Электронды үкімет» порталының қызметтерін алу дағдыларын меңгеруі.

Семинар барысында мамандар қатысушыларға электрондық үкімет туралы мәлімет беріп, портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу мен қолдану тәртіптерін және электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу жолдарын үйретті.

      Семинардың барлық тыңдаушылары бекітілген үлгіде сертификаттар алды.


 

 

 

 


 



Вернуться назад