DataLife Engine > Жаңалықтар > «В гости к дедушке Корнею» /әдеби каламбур/

«В гости к дедушке Корнею» /әдеби каламбур/


4-10-2016, 10:53
Автор: akbota

   4 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі Корней Чуковскийдің ертегілеріне биыл 90 жыл толуна орай, оның шығармалары бойынша «В гости к дедушке Корнею» атты әдеби каламбур өткізді.

    Корней Иванович Чуковский балалар әдебиет классикасының көрнекті өкілі, жас оқырманның ең сүйікті жазушы болып саналады. Ұлы жазушыны «Балалар мерекесі» деп атаған. Ол балаларға қуаныш, бақыт керек екенін біліп, оны шын жүрегімен ризашылығымен сыйлай білді. Оның өлеңдері барлығына қуаныш әкелді, шығармалары балаларды әрқашан да шатыққа кенелтті. Тек қана балалар ғана емес, тіпті олардың ата-аналары, атасы мен әжелері де өз балалық шақтарын Чуковскийдің ертегі кейіпкерлерінсіз елестете алмайды.

     Іс-шараның басты мақсаты – оқырмандарды К.И.Чуковскийдің шығар-машылығымен таныстырып, кітап оқуға шақыру, оқуды ұсыну, балаларға ғажайып әлем ертегілерінің мәнділігі мен сұлулығын көрсету болып табылады.

    Әдеби каламбурге №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушылары мерекеге белсене қатысты.

   Балалар Корней Чуковскийдің «Мойдодыр», «Муха-Цокотуха», «Телефон», «Айболит», «Бармалей» ертегілерін сахналады, ұлы жазушының ең сүйікті өлеңдерін жатқа оқып, әсем әндерді орындап, әдеби ойындарды орындады.


 

 

 

 

 

   

 

 


Вернуться назад