DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» (мерекелік кеш)

«Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» (мерекелік кеш)


5-10-2016, 16:22
Автор: akbota

    Қарттар күні – мейірімді және шуақты мереке. Бұл мерекенің бүгінгі таңда маңызы өте зор. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріліп, көңіл аударылып, жан-жақты қамқорлық жасалуда.

    5-қазан күні облыстық қарттар үйінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ақмешіт гуманитарлық – техникалық институтының ұйымдастыруымен «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» атты мерекелік кеш өтті.

     Кеш барысында Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтының студент жастары ардақты қарттарға өз өнерлерін көрсетіп, жақсы көңіл күй сыйлады.

      «Қарттар – тарих, қазына, ел тарихы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 

 

 

 


 


Вернуться назад