DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ғарышкер ағалар ізімен» /Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 70 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс/

«Ғарышкер ағалар ізімен» /Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 70 жылдығына арналған интеллектуалды сайыс/


7-10-2016, 17:42
Автор: akbota

   7 қазан 2016 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері, ұлт мақтанышы Тоқтар Әубәкіровтің 70 жасқа толу мерекесіне орай «Ғарышкер ағалар ізімен» атты сайысты ұйымдастырды.

  Мақсаты:Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері, ұлт мақтанышы Тоқтар Әубәкіровтің қайталанбас өр тұлғасы мен қаһармандық ерлігін жан-жанқты ашып көрсету, батырдың ерлік істерін өскелең ұрпақтың өн бойына сіңіріп, елін, жерін қорғай білуге, қаһармандыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін, құрметін, мақтаныш сезімін арттыру.

   Сайысымызға №140 орта мектеп оқушылары белсене қатысты. Сайыс төрт кезеңнен өткізілді. 1-кезең Таныстыру, 2-кезең «Сұрақ-жауап» 3-кезең «Ғарышқа жаяу саяхат», 4-кезең «Тапқыр болсаң тауып көр». -мұнда оқушылар Т.Әубәкіровтың өмір жолына, қызметіне, ғарыш әлеміне арналған интеллектуалды сұрақтарға жауап берді.

     Шара соңында оқушылар осы іс – шараға арналған кітап көрмесімен танысты.


 

 

 


Вернуться назад