DataLife Engine > Жаңалықтар > «Алаштың аяулы арысы» Жаһанша Досмұхамедұлы 130 жаста. Дөңгелек стол

«Алаштың аяулы арысы» Жаһанша Досмұхамедұлы 130 жаста. Дөңгелек стол


26-10-2016, 15:14
Автор: akbota

   26-қазан күні сағат 11.00-де мерзімді басылымдар залында қазақтың алғашқы жоғары білімді заңгері, Алашорда үкіметін құрушылардың және оны басқарушылардың бірі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері - Жанша (Жаhанша) Досмұхамедұлының туғанына 130 жыл толуына орай «Алаштың аяулы арысы» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды.

     Шараның мақсаты – жастарды Ж.Досмұхамедұлының өмірі мен еңбек жолымен тереңірек таныстыру.Бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азаттығы жолына бағыштаған Алашорда көсемдерінің бірі Жаһанша Досмұхамедұлының күрес жолын көрсету.

    Дөңгелек столға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Аңсатова Меруерт Нығметқызы және «Қорқыттану және өлке тарихы» тарихи-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан Мұхарамұлы келіп, Жаһанша Досмұхамедұлының қайраткерлігінен сыр шертерлік парасатты, танымды, тарихи әңгімелерімен оқырмандармен ой бөлісті.

  Шара соңында оқырман қауымға «Алаштың ардақтысы» атты Жаһанша Досмұхамедұлына арналған кітап көрмесі таныстырылып, шолу жасалды.

 

 


 

 


 


 


Вернуться назад