DataLife Engine > Жаңалықтар > «Болашаққа үміт, жастарға сенім» акциясы

«Болашаққа үміт, жастарға сенім» акциясы


10-11-2016, 18:59
Автор: akbota

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелері аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты жастар акциясы өткізілді.

   Шара мақсаты жастарды патриоттық – отансүйгіштік сезімін нығайтуға, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш – жігері мен ақыл – қайрат жұмсап, Отанының тағдыры үшін жауапкершілік сезімінің қалыптастыру болып табылады.

   Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарға, әсіресе, студент жастарға үлкен қамқорлық, түрлі ауқымды басымдықтар беріліп отыр. Жастардың сол оң өзгерістірдің шетінде емес, ең ортасында жүріп, ортақ іске араласуы бүгінгі күннің кезектегі мәселесі екендігі айтылды. Осындай жалындаған жастарға жігер беруге, еңбектері еселеніп, мерейлерінің үстем болуына ықпал ету мақсатында өткізілген шара студент-жастардың мерейін үстем ете түсті.

   Сонымен қатар колледж студентері өнерлерін көрсетіп, көңілді кешті думанға айналдарды. Акция соңында жастар аспанға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығының арнайы логотипі ілінген шарлар ұшырды.


 

 

 

 

 

 

 



Вернуться назад