DataLife Engine > Жаңалықтар > «Едем, едем на джайляу...»

«Едем, едем на джайляу...»


18-11-2016, 17:22
Автор: akbota

   18 қараша күні сағат 10-да Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде қазақтың көрнекті өкілі Қастек Баянбайдың 80 жылдық мерейтойына арналған «Едем, едем на джайляу...» атты әдеби нон-стоп өткізілді.

   Мақсаты: Қазақтың балалар ақыны Қ.Баянбайдың өмірі мен шығарма-шылығымен таныстыру, поэтикалық шығармаларды мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

    Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі – Қастек Баянбайдың шығармалары қалың жұртқа жақсы таныс. Белгілі шебердің көптеген кітаптарын кезінде бүгінгі замандастарымыздың бірнеше буыны оқып өсті. Халықтық үлгіге үйлес, ұлттық бояуы қанық, жүзіктей жұмыр жұмбақтары мен жаңылтпаштары, өрімі берік өлеңдері мен ертегілері, астары терең аңыздары мен дастандары олардың ойын шарықтатып, қиялына қанат бітірді.

    Ақын өзінің өлеңдері мен ертегілерінде батырлықты, еңбек сүйгіштікті, Отанға деген махаббатты жырлады. 1986 жылы Қастек Баянбайдың балаларға арналған кітаптары үшін Қазақстан Жазушылар Одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығы берілді.

     Әдеби нон-стопқа №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей, №7 орта мектеп, №233 Ж.Нұрсейітов, №217 Б.Шалғынбаев атындағы мектеп оқушылары қатысты. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ертегілерден үзінді көрсетті.

   Шара соңында балалар «Веселая, добрая поэзия Кастека Баянбаева» атты кітап көрмесімен танысты және де ақынның шығармашылығына арналған слайд-шоуды тамашалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


Вернуться назад