DataLife Engine > Жаңалықтар > «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты Тәуелсіздік залына саяхат

«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты Тәуелсіздік залына саяхат


22-11-2016, 16:12
Автор: akbota

     2016 жылдың 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Тәуелсіздік–қасиет тұнған ұлы ұғым» атты Тәуелсіздік залына саяхат ұйымдастырылды.

   Мақсаты: Армандарымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған киелі мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін ұлт болып тойлап өтуіміздің бағамын ашып көрсету. Санаулы жылдар ішінде, Елбасының көреген саясатының нәтижесінде еліміз әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қарқынды алға жылжығандығын және келешегінің кемелдігін пайымдау.

   Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

   Шараға С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенттері қатысып, оларға Тәуелсіз Қазақстан өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел екендігін, осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылғанын, жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілгені, мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келгендігін туралы лекция оқылды және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен, Қазақстан Республикасының Рәміздерімен таныстырылды.

    Шара барысында қатысушыларға Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында болған тарихи оқиғалардан викториналық сұрақтар қойылды.

 

 

 



Вернуться назад