«Экстремизм мен терроризмнің қоғамға қаупі»
2016 жылдың 23 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Экстремизм мен терроризмнің қоғамға қаупі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында, халқымыздың мәдениеті мен таным –табиғатына жат экстремизм діни көзқарастардың таралуына байланысты ерекше назар аударды.
Жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және экстремизмнің қоғамға қауіптілігінің алдын алу мақсатында өткізілген іс-шараның қонақтары: «Құрылыс және бизнес» колледжінің оқытушылары Л.Жұмабаева, Ж.Үсенқұлова, М.Төлбаева, А.Садық.
Дөнгелек үстел төңірегінде келген қонақтар сұрақтарды талқылап, жас ұрпақтың діни тәрбие алуына, дүние танымдық көзқарасының қалыптастырылуына кеңес беріп және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда елімізде ақпараттық саяси қызмет көрсетуді жөн деп қарастырды.
Осы мәдени шараға «Экстремизм – қоғамның қауіпті жауы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды тақырыптық әдебиеттермен кеңінен таныстырды.
Вернуться назад