DataLife Engine > Жаңалықтар > «Еңбегі ерен ер тұлға» атты кітап көрмесі

«Еңбегі ерен ер тұлға» атты кітап көрмесі


23-11-2016, 15:20
Автор: akbota

    2016 жылдың 23 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменовтің 100 жылдығына арналған «Еңбегі ерен ер тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Мөрәлі Шәменов 1916 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туған. Соғысқа дейін ол бастауыш мектеп мұғалімі, гидротехник, пошта бөлімінің бастығы қызметінде істеді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап 2 соққы беру әскерінің 326 атқыштар дивизиясының құрамында болды. Барлау взводының және ротасының командирі, 1943 жылдың наурызынан бастап соғыс аяқталғанша 326 атқыштар дивизиясының барлау бастығы болды.

    Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін партия қызметкері, журналист, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығының өндірісші маманы болған. Әскери ерлігі мен еңбектегі қызметі үшін Мөрәлі Шәменов Ленин, Қазан төңкерісі, Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, Қызыл жұлдыз, «Құрмет белгісі» және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.

    Елім деген абзал азамат 1974 жылы дүние салды. Туған халқы үшін аянбай еңбек еткен азаматтың еңбегі ескеріліп, 1994 жылы өзі жиырма жыл бойы басқарған ауылына Мөрәлі Шәменов есімі берілді.

  Көрмеге ауыл шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы болған майдангер Мөрәлі Шәменовтің өмірі мен қызметі туралы еңбектерменмерзімді басылым беттерінде шыққан мақалалар қойылып,оқырманжұртшылығынатаныстырылды.

    Шараға қоғам қайраткерінің ұрпақтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жастар, кітапхана қызметкерлері қатысты.


 

 

 

 


 


Вернуться назад