DataLife Engine > Жаңалықтар > "Қазақстан: кеше, бүгін, ертең" үштілді интеллектуалдық сайыс

"Қазақстан: кеше, бүгін, ертең" үштілді интеллектуалдық сайыс


8-12-2016, 15:17
Автор: akbota

      2016 жылдың 8 желтоқсанында М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасының оқу залы секторының қызметкерлері 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты үштілді интеллектуалдық сайыс өткізді.

      Іс - шара мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің Үштұғырлы саясатын басшылыққа ала отырып,оқырмандардыңбілімділігін арттыру, Қазақстан туралы білімдерін шыңдау, еліне лайықты азамат ретінде қалыптастыруға үлес қосу. Дарынды жастардың шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту.

     Үштілді сайыс 6 турдан құралды:

І. «Таныстыру»;

ІІ. «Ой додасы» пікірлерін айту, жобаларын қорғау(ағылшын тілінде);

III. Сергіту сәті. / Ойын ойнатылады;

IV. Полиглот /Мақал-мәтел сайысы/;

V. «Жорға» - Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынады;

VI. Тәуелсіз Қазақстанға «Ақ тілек».

     Сайысқа М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің шет тілі бөлімінің 2 курс студенттері қатысты. Шара соңында жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.


 

 

 

 

 

 


Вернуться назад