DataLife Engine > Жаңалықтар > «Тәуелсіздік – биік сенің айбыны»

«Тәуелсіздік – биік сенің айбыны»


15-12-2016, 18:03
Автор: akbota

    2016 жылы 15 желтоқсан күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атауымен 25 тақырыптық мәдени шара ұйымдастырған. Осы мәдени шара аясында балалар әдебиеті бөлімі «Тәуелсіздік – биік сенің айбының» атты жыр кеші өткізді.

   Мақсаты: Өскелең ұрпақты Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктермен таныстыру , Желтоқсан оқиғасында құрбан болған жастарды құрметтеу, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

   Мәдени шараға қатысқан №233 Ж. Нұрсейтов атындағы орта мектеп, №264 мектеп-лицей оқушылары Қазақстан болашақ ұрпақ елі Президентінің осынау тарихи жеңістерін зор алғыс сезіммен жоғары бағалаймыз және мақтан етеміз. Мәңгілік елдің көшбасшысы ретінде Қазақстан әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін алғыстарын айтып, «Желтоқсан жаңғырығы» атты көріністі сахналап, мерекеге арналған өлең-жырларды жатқа оқыды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


Вернуться назад