DataLife Engine > Жаңалықтар > «Әлемді кітаппен таны» (Жаңа кітаптар көрмесі)

«Әлемді кітаппен таны» (Жаңа кітаптар көрмесі)


3-02-2017, 17:03
Автор: akbota

   30 қаңтар күні облыстық кітапхана фойесінде «Әлемді кітаппен таны» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Оқырман назарына ұсынылған көрмеде білімнің барлық саласындағы әдебиеттер, тарихи деректер, оқулықтар, ақын- жазушылардын шығармалары, фотоальбомдар бар. Көрменің мақсаты - оқырмандарды кітап оқуға шақыру, жаңа әдебиеттермен таныстыру, қызығушылығын арттыру.

  Көрмеге Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдары берілген «25 Белес» кітабы, «Президент-2016» фотоальбомы, Т.Ақажанованың «Заң психологиясы», Б.Татимовтың «Демографиядан демократияға дейін», «Қазақтың бата-тілек, өсиеттері», «Тәуелсіздік толғаныстары» сериясымен жарық көрген К.Адырбектің «Тәуелсіздік талпыныс», С.Көсемәлінің «Менім елім», Ү.Рысбектің «Елі үшін еміренгендер», А.Ахетовтің «Женіс перзенттері» романы,М.Тоқашпаевтың «Жан-дауыс», А.Нұрмановтың «Құланың ажалы», А.Саулебектің «Қамшысөз», Р.Сейсенбаевтың «ХХІ-ғасыр», Т.Әсемқұловтың 5 томдық шығармалар жинағы, С.Елубайдың 2 томдық «Қиямет қайым ғасыры т.б. кітаптар ұсынылды .Көрмеге жалпы саны 296 дана кітап қойылды.

Келіңіздер, кітап оқуға шақырамыз!


 

 



Вернуться назад