DataLife Engine > Жаңалықтар > «Рухты қалам,табанды талант». Әдеби-сазды кеш.

«Рухты қалам,табанды талант». Әдеби-сазды кеш.


8-02-2017, 17:36
Автор: akbota

     2017 жылдың 8 акпан күні «Жүрек жылуы» жобасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Рухты қалам, табанды талант» атты әдеби-сазды кеш №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті.

Кештің мақсаты:Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту.

Қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Кеш Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

   Кеш барысында Жас отан жастар ұйымының мүшелері мен Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің студенттері Мұқағали Мақатаевтың сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді шарықтата шырқады. Сонымен қатар, ұлы ақынның өмірінен театрландырылған қойылым көрсетілді. Әдеби кеште экраннан ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері тыңдалып, «Қазақ жырының хантәңірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, қатысушылар назарына слайд-шоу ұсынылды.

 

 

 

 

 


 


Вернуться назад