DataLife Engine > Жаңалықтар > «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні » (22 наурыз –Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған кітап көрмесі)

«Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні » (22 наурыз –Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған кітап көрмесі)


10-03-2017, 18:43
Автор: akbota

     Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы қала тұрғындары мен студенттерге, мектеп оқушыларына 2017 жылдың 10 наурыз күні «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні »  атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

     Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттады. Кітап көрмесінің «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты 1-ші бөлімінде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды, 2-ші бөлім «Қазақтың қолөнері - төл өнері» деп аталады. Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы, мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі. Соған орай ұлттық киім, қолөнерге байланысты әдебиеттер ұсынылды. «Халықтың қадір тұтар дастарханы» атты үшінші бөлімде қазақ халқының дастарханы, ұлттық тағамдары туралы басылымдар қойылды. Көрмедегі Наурызнама, Адалбақан, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына», «Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін» кітаптарымен бірге Ұлыстың ұлы күні, Наурыз көже, Әз наурыздың қадірі мен қасиеті т.б кітаптармен мерзімді басылымдар бетіндегі мол мағлұматтар өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ. Көрмеге 95 кітап, 11 мерзімді басылым мен суреттер қойылды.Көрме айдың аяғына дейін созылмақ.


 


 


 


Вернуться назад