DataLife Engine > Жаңалықтар > Қазақстанның Халық жазушысы, комедия жанрының шебері Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған әдеби кеш

Қазақстанның Халық жазушысы, комедия жанрының шебері Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған әдеби кеш


13-03-2017, 16:44
Автор: akbota

  2017 жылдың 28 ақпан күні сағат 11.00-де Қазақстанның Халық жазушысы, комедия жанрының шебері Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

  Шараның мақсаты - Қалтай Мұхамеджановтың жылдар бойы жинақтаған жазба байлығын өскелең ұрпаққа таныстыру, шығармаларын насихаттау, шығармаларынан үлгі боларлық адами қасиеттерді жастарға ұғындыру.

 Бұл шараға ҚМУ профессоры, Қалтай Мұхамеджанов жеке кітапханасының ғылыми қызметкері Қ.Құдайбергенов, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің мұғалімдері мен студенттері, оқырмандар қатысты. Колледж студенттері Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» пьесасынан қойылым қойып, қолжазбаларымен танысып, арнау өлеңдерін оқыды. Оқырмандарға арналып кітап көрмесі және араб тілінде жазылған шығармаларының түпнұсқасынан құралған көрме ұйымдастырылды.


 

 

 

 

 

 

 


 


Вернуться назад