DataLife Engine > Жаңалықтар > «Терроризмге жол жоқ» (библио-квилт, видеосабақ)

«Терроризмге жол жоқ» (библио-квилт, видеосабақ)


14-03-2017, 17:21
Автор: akbota

   2017 жылдың 14 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері «Абылайхан» колледжінің 1-2 курс студенттеріне «Терроризмге жол жоқ» атты библио-квилт жасалынып, видеосабақ көрсетілді.

   Мақсаты: жастарға терроризмнің қаңшалықты қауіптіекендігін, сананы улайтын сансыз теріс ағымдардың соңынан кетпеу керектігін сақтандырып ескерту. Бүгінгі таңда терроризм бүкіл дүниежүзін алаңдатып отырған ең қауіпті, ең күрделі, сондай-ақ, аса жоғарғы қарқынмен өршіп келе жатқан қоғамдық қауіпті құбылыс екендігін көрсету. Жастардың діни сауаттылығын арттыру, терроризммен, діни экстремизммен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптары туралы видеоролик көрсетіліп, ақпарат берілді. Сонымен қатар жастарға күманды сайттарға кірмеу керектігі ескертілді.

Видеосабақ барысында колледж студенттері сұрақтарды талқылап және дайындалған библиостендте өздерінің пікірлерін жазды.

 

 

 

 

 

 

 


 



Вернуться назад