DataLife Engine > Жаңалықтар > «Білімнің бір биігі үш тұғырлы тіл»

«Білімнің бір биігі үш тұғырлы тіл»


16-03-2017, 17:45
Автор: akbota

   Елбасымыздың «Үштұғырлы тіл» саясатын насихаттау барысында 16 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Білімнің бір биігі үш тұғырлы тіл» атты зияткерлік ойын- сайысын ұйымдастырды.

   Сайысқа №140 орта мектептің, №12 І. Қабылов атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Қатысушылар «Жасқыран», «Топжарған» атты екі топқа бөлініп «Таныстыру», «Полиглот», «Бәйге», «Эрудит», «Жұмбақтар жасыру», «Сұрақ-жауап» кезеңдерімен сайысты.

    Іс –шарада оқушылар өз білімдерінің жан-жақтылығын, ана тілімен қоса өзге тілдерді жетік меңгергендігін, ойлау қабілетін жеткізе білді.

    Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.


 

 

 

 

 



Вернуться назад