DataLife Engine > Жаңалықтар > Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігіміз бен тірлігіміздің негізі. Дөңгелек үстел

Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігіміз бен тірлігіміздің негізі. Дөңгелек үстел


7-04-2017, 17:28
Автор: akbota

   2017 жылдың 7 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  ұйымдастыруымен   «Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігіміз бен тірлігіміздің негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

   Шараның  басты мақсаты  «үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Аталмыш іс-шараға Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті «Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы, филология ғылымының кандидаты, доцент Садыбекова Салима Ізбасқанқызы, №15 мектеп –лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұмабекова Жазира, Абылайхан атындағы колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қазақбаева Ақбаян Данабаевна, № 140 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қосанова Марал, зейнеткер Сабырбаев Әлібек, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік 5547 әскери бөлімінің сарбаздары , Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің ЭКО – 26/9 және «Өркениет» медициналық колледжінің «Емдеу ісінің» 28 тобының студенттері қатысты.

    Кеш барысында тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге маңыздылығы жайында пікірлер айтылды.

    Оқырмандар назарына «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты кітап көрмесі ұсынылды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Вернуться назад