DataLife Engine > Жаңалықтар > «Бала тілін тапқан ақын» /Балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың туғанына 80 жыл/

«Бала тілін тапқан ақын» /Балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың туғанына 80 жыл/


26-04-2017, 17:42
Автор: akbota

26 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, балалар ақыны А.Сопыбековтың туғанына 80 жыл толуына орай, «Бала тілін тапқан ақын» атты әдеби кеш өткізілді.

Шараның мақсаты– оқырмандарды Отанды, поэзияны, тілді, мәдениетті сүюге баулу, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Әдеби кеште А.Сопыбековтың өмірбаяны, шығармашылығы жайында айтылып, балаларға арналған өлеңдері оқылды.

Аталмыш шараға №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп, №101 мектеп-лицей, №233 Ж.Нұрсейітов атындағы мектеп оқушылары белсене қатысты.

Соңында оқырмандар ақынның шығармашылығы жайында өзара пікір алысты.


 

 




Вернуться назад