DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітап патшалығының сырлы әлемі» атты жанұялық оқу

«Кітап патшалығының сырлы әлемі» атты жанұялық оқу


27-04-2017, 07:24
Автор: akbota

    Жас оқырмандардын танымдылық қабілеттері мен қызығушылығын кітап оқу арқылы дамыту, Отандық және шетел әдебиетінің құндылықтарын ұғындыру және отбасы мүшелерінің біріге кітап оқуды сезіне білуіне жағдай жасау мақсатында – 27 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітап патшалығының сырлы әлемі» атты жанұялық оқу ұйымдастырды.

Мәдени шараға кітапхананың белсенді оқитын Омаровтар, Әуезхановтар, Болатовтар отбасылары қатысып, оқыған шығармалары жайында пікір бөлісіп, кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал екенін әңгімеледі.

      Шара барысында ойын- викторина және жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасалды.


 

 

 

 


 


Вернуться назад