DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа үлгі»

«Ерлік –елге мұра, ұрпаққа үлгі»


28-04-2017, 18:36
Автор: akbota

    Қазіргі күнгі әлемдегі ең басты проблема – ортақ үйіміз – Жер шарын соғыс өртінен сақтау, бейбітшілік, аймақтық соғыстарға жол бермей, терроризмге қарсы күрес және дінаралық ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау. Соғыстың барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына кері әсерін тигізгенін ешқашан да ұмытпауға тиіспіз. Осы мақсатта 2017 жылдың 27 сәуірінде 9 мамыр – Жеңіс күніне оқу залы секторының ұйымдастыруымен «Ерлік –елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты кездесу кеші болып өтті.

   Аталмыш іс – шараға Қызылорда қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Сатыбалдиев Әбдірауық жас оқырмандармен кездесуге келді.

  Сатыбалдиев Әбдірауық көрсеткен ерлігі үшін 1, 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, 17 медальдармен және өзі қызмет жасаған саланың 30-дан аса мақтау қағазымен, соның ішінде орталық статистика басқармасының «Отличник Социалисти-ческого учета» белгісімен 2 мәрте , Ұлы Жеңістің 20, 30, 40, 50, 60 жылдығы және «Астана қаласына – 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

    Кездесу кеште айтылған деректер жасөспірімдерді аға ұрпақтың жауынгерлік ерлігі дәстүрінде тәрбиелеуге себін тигізетініне сенеміз.

Келген қонақтарға «Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, фото – слайд көрсетілді.


 

 

 

 



Вернуться назад