DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұлттық рухтың қайнары» /7 мамыр – Отан қорғау күні/

«Ұлттық рухтың қайнары» /7 мамыр – Отан қорғау күні/


6-05-2017, 14:58
Автор: akbota

    Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесіне орай өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық рухтың қайнары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.

   Аталған көрмеге қазақ елінің сонау әскери тарихынан бастау алатын К.Аманжолов пен А.Тасболатовтың – Алматы: «Білім» баспасынан 2008 жарық көрген «Қазақстанның әскери тарихы»,тарих ғылымының докторы, профессор, запастағы полковник М.Серкпаевтың «Мир печати» баспасынан шыққан «Основы военной истории», «Подготовка младшего командного состава Вооруженных сил Казахстана» және еліміздің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жайындағы А.Тасболатовтың 2001 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Жоғарғы Бас Қолбасшы – әскери қауіпсіздік кепілі» атты еңбегі, «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан шыққан «Айбын» энциклопедиясы, «Білім» баспасынан шыққан «Военная энциклопедия Казахстана», еліміздің заманауи және кәсіби армия құруға бағытталған Б.Сақтағановтың 2012 жылы «Өлке» баспасынан шыққан «Әскери педагогика», жасұландардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметін шыңдауға арналған К.Аманжоловтың «Мектеп» баспасынан 2004 жылы шығарылған «Алғашқы әскери дайындық» және халық пен шекарашылардың өзара достығы, ыстық ықыласы мен береке-бірлігін айқын көрсетуге арналған Қ.Арыстанбаевтың 2009 жылы «Принт» баспасынан шығарылған туындысы және де Б.С Бухарбаевтың «Қарулы қақтығыстардағы ақпараттық технологиялар: әлемдік тәжірибе және келешегі», т.б әдебиеттер мен журналдар, дәйек сөздер қойылды.

    Мемлекетімәңгілік елдіңұрпағының тәрбиесіелжандылық сезімінің, рухыбиіктігінің негізінде. Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктері ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді.


 

 


 


Вернуться назад