DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жыр жазып өмір жайлы, өзім жайлы»

«Жыр жазып өмір жайлы, өзім жайлы»


19-05-2017, 16:04
Автор: akbota

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі ақын, журналист Мырзан Кежебайдың туғанына 70 жыл толуына орай «Жыр жазып өмір жайлы, өзім жайлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мырзан Кенжебай 1947 жылы тамыздың 31-інде Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Құланды ауылында туған. Ақтөбе облысының Шалқар қаласында орта мектепте оқыған. ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Қазақ мемлекеті», «Аманат» газеттерінде тілші, республикалық «Қайнар» баспасында редактор, «Таң - Шолпан» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір «Мәдениет» журналының бас редакторының орынбасары, қазақтың белгілі ақыны, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері.

    Өлеңдері «Мерейлі мекен» ұжымдық жинағына енген. «Жоғалған ән», «Жазым өтіп барады», «Күз-көңіл», «Қарасуық», «Ақпан» кітабы, «Ұлт уайымы» 2 томдық жыр жинақтарының, «Тілеу батыр» пьесасының авторы. «Сырдария кітапханасы» сериясымен таңдамалы өлеңдері жеке кітап болып жарық көрді. Публицистикалық мақалалары республикалық басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді.

   Қоғамда болып жатқан кез келген мәселе ақын, көсемсөз шебері Мырзан Кенжебай көз алдынан бей-жай өткен емес. Ол өз ортасында болып жатқан оқиғалардың барлығын егжей-тегжейлі түп-тамырымен зерттеп, зерделеп, өзінің бар ықыласын соған аударып, жан-жақты талдаудан өткізіп барып қана халыққа жеткізіп, көзі қарақты оқырманға ұсынады. Ақынның көптеген әдеби сын мақалалары жарық көрді. «Әлем мойындаған Әбекең», «Өтіріктің құйрығы», «Сынды ұнатпайтын адам шындықты да ұнатпайды немесе «Ебелек пен Көбелек», «Кіндігін өлең кескен қос ақын бар», «Айтысты күнкөріске айналдырмайық», «Киелі өнердің қадірі кетпегей», «Жазушы Р. Отарбаев шығармашылығы туралы сыр», «Әдебиеті құлдыраған ұлттың санасы құлдырайды» сияқты көптеген дүниелерін оқырмандар қызыға оқыды.

     Көрмеге Мырзан Кенжебайдың шығармалары және баспасөз беттерінде жарық көрген әдеби сын мақалалары қойылды.
 

 

 

 


Вернуться назад