DataLife Engine > Жаңалықтар > «Мәңгілік Елдің негізгі тірегі –тіл »

«Мәңгілік Елдің негізгі тірегі –тіл »


14-06-2017, 18:43
Автор: akbota

                                                   «Мәңгілік Елдің негізгі тірегі –тіл »

                                                                Дөңгелек үстел

 

   2017 жылы 14 маусымда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Мәңгілік Ел идеясы –ұрпаққа ұлағат» атты жобасы бойынша «Мәңгілік Елдің негізгі тірегі –тіл » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

   Дөңгелек үстелді «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Божанова ашып, «Ана тілдің мәртебесін көтеру-өз қолымызда» атты баяндама жасады.

   Ардагер ұстаз, ақын-Д.Торғаева, журналист, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі -Н.Рахметова, бірлестіктің ынталы топ мүшесі – Қ.Мұхаметияров, ақын – Қ.Жәленова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішев тақырыпқа сай пікірлерін ортаға салып, ана тілдің күші мен құдіретін насихаттады.

   Мәдени шарада кітапхана жанынан құрылған «Жауқазын-ғұмыр» клубының мүшелері қатысып, А.Совет және Б.Күзембай тіл туралы өлеңдерін оқыды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Вернуться назад