DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітаптар әлеміне саяхат»

«Кітаптар әлеміне саяхат»


20-06-2017, 18:39
Автор: akbota

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 20 маусым күні оқырмандарды кітапханаға, кітап оқуға тарту мақсатында күндізгі тынығу лагері №176, №197 орта мектептің оқушыларына «Кітаптар әлеміне саяхат» атты саяхат ұйымдастырды.

      Саяхат барысында балаларға Ә. Тәжібаев мұражайы, «Тәуелсіз Қазақстан залы, балалар әдебиеті бөлімдерімен, жаңадан келген әдебиеттермен таныстырып, «Мен және қоршаған әлем, «Неліктен? Неге? Не үшін?» «Кейіпкерлерді тап» атты ойын-викториналық ойындар ойнатылып, соңында «Балдырған» залында мультфильм көрсетілді.


 

 

 

 

 


 


Вернуться назад