DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітаптар қалашығы»

«Кітаптар қалашығы»


12-07-2017, 16:32
Автор: akbota

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы балалардың демалысын тиімді пайдалануға, логикалық қабілетін, тапқырлығын дамыту мен шапшаңдыққа, табандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 12 маусым күні «Анар Беби» балалар орталығының «Развивашка» тобымен «Кітаптар қалашығы» атты интеллектуалды-танымдық іс-шара өткізді. Балалар қызықты ертегі кітаптар, танымдық энциклопедиялар және көркемсуретті альбомдармен танысып, «Рауан» клубы мүшелерінің қолымен жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалады.

    Шара барысында «Ты и мир вокруг» ойын-викторинасы, «Словознайка», «Загадкознайка» кішігірім-байқаулары, «Знаю о книге все!» спринт-викторинасы және «Покажи героя сказки» атты ертегі кейіпкерлерін мәнерлеп сипаттап беру ойыны өткізілді. Соңында балалар мультфильм тамашалады.


 

 

 

 

 

 

 

 


Вернуться назад