DataLife Engine > Жаңалықтар > «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасын ұйымдастырды.

«Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасын ұйымдастырды.


18-07-2017, 09:16
Автор: akbota

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына жүзеге асыру үшін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тұрғындар арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасын ұйымдастырды. Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қоз­ғалысы кітап пен оқырман арасын жақын­датудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.

    Жоба Халыққа қызмет көрсету орталығында бастау алды. Орталық қызметкерлері мен келушілерге арнап 50-ден аса түрлі жанрдағы көркем шығармалар ұсынылды.


 

 

 


 



Вернуться назад