«Отбасы – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
18-07-2017, 12:40
Автор: akbota
2017 жылдың 18 шілде күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау –бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Көрменің мақсаты: отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, ақ некенің маңызы жайлы, ер мен әйелдердің міндеттері, отбасындағы өзара түсіністік туралы кеңестер беру.
Көрмеге «Қазақтың салт-дәстүрлері», А. Нүсіпқожаның бес томдық: «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін», М. Тоқашбаевтың «Бақыттың кілті», «Ел боламын десең бесігіңді түзе» ,
К. Әлпейісованың «Бақыт пен мұң», «Тәрбие хрестоматиясы», т. б әдебиеттермен қатар ақыл-ой, адамгершілік, денсаулық, сондай-ақ нәрестенің дүниеге келуінен
бастап, оның түтін түтетіп, отау тіккеніне дейінгі уақытта қажет болатын ұлағатты ақыл-кеңестер айтылған баспасөз
материалдары таныстырылып шолу жасалды.
Вернуться назад