DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ең үздік эссе байқауы

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ең үздік эссе байқауы


19-09-2017, 18:12
Автор: akbota

    Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасы бойынша кең етек алып отырғаны баршаға белгілі. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық бағытта мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді және осы бір әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ең үздік эссеге байқау жариялаған болатын.

   Жастардың бойында елжандылық, отаншылдық, адалдық қасиеттерін шыңдау мақсатында өткізілген байқауға 15-21 аралығындағы оқырмандар қатысқан болатын.

    Байқауға қатысқан 22 оқырманның еңбектерін сараптай келе, әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша «Абылай хан» атындағы колледж студенті Әбдірауышова Мөлдір және Қызылорда экономикалық колледжінің студенттері Шегебай Мөлдір мен Нұрлан Сымбат дипломант атанды.


 

 

 



Вернуться назад