DataLife Engine > Жаңалықтар > Жазушы-драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаевтың оқырмандармен кездесуі

Жазушы-драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаевтың оқырмандармен кездесуі


21-09-2017, 19:07
Автор: akbota

    2017 жылғы 20 қыркүйекте Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жазушы-драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаевпен оқырмандардың кездесуі өтті. Жұмыс барысында жазушы «Қ.Мұхамеджанов жеке кітапханасы залымен», «Ә.Тәжібаев мұражайымен» танысып, ондағы сирек кітап қорына тоқталып, жеке кітапхана қорының рухани мұра көзіне айналарына сенім білдірді.

   Кездесуге облыстың зиялы қауым өкілдері, студент-жастар, шығармашылық қауым, кітапхана қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.

   Кездесуді Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын Қаршыға Есімсейітова жүргізді. Кездесу барысында жазушы «Рухани жаңғыру» жобасының маңыздылығын, адам өмір бойына үйреніп, ұдайы жетіліп, әрдайым өзін-өзі қамшылау, білімдіден үйрену, білгеніңді үйрету, сол арқылы қоғамды алға сүйреу, бәсекеге қабілетті болуымыз – біздің айрықша қасиетіміз екендігін айтты. Оқырмандар көңілдеріндегі сұрақтарын алға тартып, жазушы жауабына риза болды. Жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 



Вернуться назад