DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұлы суреткер» (М.Әуезовтің туғанына 120 жыл)

«Ұлы суреткер» (М.Әуезовтің туғанына 120 жыл)


28-09-2017, 17:25
Автор: akbota

   28 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай, мектеп оқушылары арасында «Ұлы суреткер» атты эссе-байқаудың қорытынды шарасын ұйымдастырды.

    Мәдени –шараның мақсаты: Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы – ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан-ғайыр мұрасы мен шығармаларын насихаттап, бала бойында рухани құндылық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

    Сайысқа С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицей және Әли Мүсілім атындағы №101мектеп-лицей, №136 Т.Жүргенов атындағы орта мектеп, №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебі, №233 Ж. Нұрсейітов атындағы орта мектеп оқушылары қатысып, жазушының «Жетім» әңгімесі бойынша эссе жазып, өз пікірлерін толықтай жеткізе білді.

   Қазылар алқасының шешімімен «Ең үздік» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом 6 «Д» сынып С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейдің оқушысы Мөлдір Талғатқа, ІІ дәрежелі диплом Әли Мүсілім атындағы №101мектеп-лицейдің 7 «Д» сынып оқушысы Феруза Мәдениет пен С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейдің 7 «Г» сынып оқушысы Ситора Сақыпжанқызына, III дәрежелі диплом С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейдің 6 «А» сынып оқушысы Әліби Айтқожаевқа, Әли Мүсілім атындағы №101мектеп-лицейдің 8 «А» сынып оқушысы Айкүміс Ұзақова мен 8 «Ә» сынып оқушысы Алтынай Серікке берілді.


 

 

 


Вернуться назад