DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітап патшалығына саяхат» /Саяхат/

«Кітап патшалығына саяхат» /Саяхат/


26-10-2017, 16:18
Автор: akbota

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 26 жұлдызында мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, рухани дамуына және қоғамдағы орнын табуына көмек көрсету мақсатында №7 Арнайы түзету мектеп-интернатының мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Кітап патшалығына саяхат» атты кітапханаға саяхат жасалды.

  Саяхат барысында тәрбиеленуші оқушылар Ә. Тәжібаев мұражайы, Тәуелсіз Қазақстан залы және балалар әдебиеті бөлімімен танысты. Жаңа түскен әдебиеттерге шолу жасалып, оқуға ұсынылды. «Мен және қоршаған әлем», «Неліктен? Неге? Не үшін?», «Кейіпкерлерді тап» атты викториналық ойындар ойнатылып, «Балдырған» залында мультфильм көрсетілді.

 

 

 

 

 


 


Вернуться назад